русский язык
Басқа

Ұлттық олимпиада комитетіне спортшыларды дайындауға ақша бөлінбейтін болды

Ұлттық олимпиада комитетіне спортшыларды дайындауға ақша бөлінбейтін болды

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысынан кейін журналистер сұрағына берген жауабында Ұлттық олимпиада комитетінің келешектегі мәртебесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Ұлттық олимпиада комитеті негізінен Халықаралық олимпиада комитетінің статусымен бекітілген. Әр елде халықаралық спорт ұйымдарымен байланыс орнататын ұлттық олимпиада комитеттері бар. Бізде де енді солай өзінің тікелей жұмысымен ғана айналысады. Өзіңіз білесіз, кейінгі алты жылдың бес жылында Ұлттық олимпиада комитеті спортшыларды дайындаумен де айналысты. Қазір ол функцияларды заң арқылы алып тастаймыз. Осыдан кейін тек қана халықаралық ұйымдармен байланыс бағытында жұмыс істейтін болады», - деді ол.

Вице-министр Олимпиадаға спортшыларды дайындау үшін аталған 5 жылда Ұлттық олимпиада комитетіне қанша қаражат бөлінгенін нақты атай алмайтынын айтты.

«Оны қазір нақты айта алмаймын. Себебі менің бұл қызметке келгеніме бір ай болды. Былтырдан бері Ұлттық олимпиада комитеті Олимп ойындарына спортшы дайындау бюджетінен шеттетілген. Ол функцияны қазір біздің министрлік құрылымындағы спортты дамыту дирекциясы атқарады. Енді соны заң аясында бекітіп тастасақ деп отырмыз», - деді Серік Жарасбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;