русский язык
Бокс

Махмұд Сабырхан жылдың үздік спортшысы атанды

Махмұд Сабырхан жылдың үздік спортшысы атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан ҚР Туризм және спорт министрлігінің нұсқасы бойынша жыл спортшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сабырхан 2023 жылдың мамыр айында Ташкентте (Өзбекстан) 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол жарыстың ширек финалында ганалық боксшы Амаду Мохаммедті төрешілердуң бірауызды шешімімен ұтып (5:0), жартылай финалда төрешілер шешімімен (5:0) кубалық боксшы Йосвани Вейтияны жеңді. Ал финалда төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) өзбек Ойбек Жураевты жеңді.

Айта кетейік, 22 жастағы Сабырхан әуесқойлық деңгейде 62 жекпе-жек өткізіп, оның 58-інде жеңіске жетіп, 8-інде нокаутпен жеңіске жеткен. Жалпы боксшының мансабында 4 жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;