русский язык
Бокс

Әлемдік бокс жұлдызы ислам дінін қабылдады

Әлемдік бокс жұлдызы ислам дінін қабылдады

Үш салмақ дәрежесінде жеңіліп көрмеген әлем чемпионы америкалық Джервонта Дэвис (29-0, 27 КО) исламды қабылдады. Бұл туралы үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Баду Джек әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джервонта Дэвис 28 жаста. Америкалық кәсіпқой рингтегі дебютін 2013 жылы өткізіп, 2017 жылдың қаңтарында екінші жеңіл салмақта (59 келіге дейін) IBF титулын жеңіп алып, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

2019 жылдың желтоқсанында Дэвис атақты кубалық Юриоркис Гамбоаны уақытынан бұрын жеңіп, жеңіл салмақта WBA чемпионы атанды (61,2 келіге дейін), ал 2021 жылдың маусымында бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келіге дейін) WBA титулын жеңіп алды.

Дэвис сәуірдегі кейінгі жекпе-жегінде жерлесі Райан Гарсияны нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;