Қуат Хамитов АСА турнирінде техникалық нокаутпен жеңілген Артём Резниковке қолдау білдірді
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат Хамитов АСА промоушенінің ширек финалында жеңіл салмақта өнер көрсетіп, техникалық нокаутпен жеңілген Артём Резниковтың жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қуат Хамитов Резниковтың Instagram-дағы жазбасына пікір қалдырды.
«Жылдар өте келе барлығы қалпына келеді. Салмақ қуғаннан кейін бәрі қиындай түседі, сондықтан басқа салмақ дәрежесіне ауысып, қайтадан шығу керек», – деді «Найман» отандасына қолдау білдіріп.
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеудегі АСА 168 турнирінің басты жекпе-жегі болған кездесуде Артем Резников төртінші раундта ресейлік файтер Али Баговтан техникалық нокаутпен жеңілді.
31 жастағы Артёмның ММА спортындағы рекорды 24 жеңіс, 8 жеңіліс. Жекпе-жектен кейін Резников мансабын аяқтауға дайын екені туралы мәлімдеме жасады.