русский язык
Әлем футболы

Алжирде футболшылар мінген автобус аударылып, қақпашы мен бапкердің көмекшісі қаза тапты

Алжирде футболшылар мінген автобус аударылып, қақпашы мен бапкердің көмекшісі қаза тапты

Алжирдің солтүстігіндегі қайғылы оқиға – «Кабильемен» кездесуге асыққан «Эль-Байда» клубының футболшылары мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі euro-football.ru сайтына сілтеме жасап.

Клубтың қақпашысы мен бапкердің көмекшісі қаза тапты. Тағы сегіз адам жарақат алды. Алжир футбол федерациясы келесі турдың матчтарынан шегерді - олар кейінірек өтеді.

Еске салайық, Алжир футбол чемпионаты 1962 жылы, яғни Франциямен қанды соғыста тәуелсіздік алғаннан кейін бірден құрылған болатын. Жоғарғы лигаға он алты клуб өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;