русский язык
ММА

Резников кезекті жеңілісінен кейін карьерасын аяқтағысы келетінін айтты

Резников кезекті жеңілісінен кейін карьерасын аяқтағысы келетінін айтты

Қазақстандық файтер Артем Резников АСА 168 турнирінде ресейлік Али Баговтан жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Резников Баговтан төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, жеңіл салмақта АСА Гран-приінің жартылай финалына шыға алмаған еді.

— Шынымды айтсам, қатарынан екінші рет жеңіліп отырмын. Көрдіңіздер ме, әбден таяқ жедім... Білмеймін, болмай жатыр. Бәріңізден кешірім сұраймын. Маған қажет жекпе-жекті көрсете алмадым. Бұлай өнер көрсеткім келмейді. Не карьерамды аяқтаймын, не бір жылға үзіліс аламын. Себебі мұндай жекпе-жектер ұнамайды, - деді Резников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;