русский язык
ММА

Артем Резников ACA 168 турнирінде Али Баговқа есе жіберді

Артем Резников ACA 168 турнирінде Али Баговқа есе жіберді

24 желтоқсанда Мәскеуде ACA 168 турнирінің негізгі жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Али Багов кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Багов Резниковты төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы ACA Гран-приінің жартылай финалына өтті.

Багов алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылы наурызда ACA 154 турнирі аясында өткізіп, Дауд Шайхаевқа есе жіберген еді. Оның еншісінде 33 жеңіс пен 11 жеңілісі бар.

2023 жылы маусымда өткен ACA 159 турнирінде Резников Эдуард Вартаняннан үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген. 31 жастағы Артемнің рекорды - 24 жеңіс және сегіз жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;