русский язык

«Ақсу» футбол клубын кім жаттықтыратыны белгілі болды

«Ақсу» футбол клубын кім жаттықтыратыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар облысынан Бірінші лигаға түсіп қалған «Ақсуды» басқаратын мамандар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақсу» командасының бас бапкері болып 50 жастағы Рахман Асуханов тағайындалады. Шешен футболының түлегі Қазақстанға 1997 жылы келіп, Павлодарда тұрақтап қалады. Ойыншы ретінде «Терек», «Шахтер», «Ақтөбе», «Қайрат» және т.б. клубтарда ойнаған. «Ертіс» және «Ақсу» клубында жұмыс істеген.
2023 жылы «Ақсу Ж» командасының бас бапкері болған. Оған Вадим Текиев, Руслан Гумар және Андрей Ненашев көмектеседі.
Бас бапкер ретінде PRO санатындағы жаттықтырушы куәлігі бар Ойрат Садуов тіркеледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;