Джошуа Сауд Арабиясындағы турнирде Уоллинді сабап тастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз23 желтоқсанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) бокс кеші өтті, онда британдық Энтони Джошуа мен швед Отто Уоллин басты жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек бес раундқа созылып, Джошуаның техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды. Уоллиннің бұрышы төбелестен бас тартты.
Джошуа 30 жекпе-жек өткізіп, оның 26-сында жеңіске жеткен (24-інде нокаутпен) және үш рет жеңіліске ұшыраған. Уоллинде 26 жеңіс және екі жеңіліс бар.