«OCTAGON» сериалының актері Иран спортшысынан басым түсті. Видео
![«OCTAGON» сериалының актері Иран спортшысынан басым түсті. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201131_a54d040ba8d550d8f4f074ac3ad8df65.jpg?v=28695441)
Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде негізгі кардтың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жеңіл салмақта қазақстандық жауынгер, актер Арнұр Қабдолдаев Иран спортшысы Паям Назаримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.