Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде тағы бір жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды
![Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде тағы бір жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_19cb449dc1fa90840ec2e6b99fa4a6e9.jpg?v=28695436)
Алматыдағы OCTAGON 53 турнирінде бастапқы кардтың алтыншы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте әзербайжандық Эмин Шарифов (4-1) тәжірибелі өзбекстандық файтер Алимжон Шадмоновпен (7-7) кездесті.
Жекпе-жек бірінші раундтың жартысына дейін де созылмады. Әзірбайжандық файтер бесінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.