19 жастағы қазақстандық файтер ММА турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Видео
![19 жастағы қазақстандық файтер ММА турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_f68c88f8648e284c25bc5364c29e5c61.jpg?v=28695448)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының 2023 жылғы OCTAGON 53 қорытынды турнирінде жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Сегізбұрышта екі қазақстандық файтер - Қастер Сарқытбек (1-0) пен Саят Әбдуәли (3-0) кездесті.
Өте тартысты және ашық өткен жекпе-жектің екінші рауындында Саят Әбдуәли мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.