русский язык
ММА

Екі жаңа чемпион, қазақстандық проспекттің UFC экс-файтерімен кездесуі және Магомед Анкалаевты жеңген спортшының сегізбұрышқа оралуы

Екі жаңа чемпион, қазақстандық проспекттің UFC экс-файтерімен кездесуі және Магомед Анкалаевты жеңген спортшының сегізбұрышқа оралуы

23 желтоқсанда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2023 жылғы соңғы турнирі OCTAGON 53 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үлкен шоу аясында 14 жекпе-жек жоспарланған, онда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Бразилия, АҚШ және Бахрейннің файтерлері күш сынасады.

Алдағы ивентте екі қызық титулды текетірес болады, онда ұйымның екі жаңа чемпионы анықталады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық проспект Сүндет Айтқұл (6-1) өнер көрсетеді, ол қатарынан алты рет жеңіп келе жатыр. Ол OCTAGON 50 турнирінде өзін мықты қырынан көрсеткен Клаудеси Бритомен (9-2) күш сынасады.

Бразилиялық файтер Айтқұлдың Triumph Fights-тағы әріптесі Дамир Төленовті (11-1) сенсациялық түрде жеңіп кеткен болатын.

Тағы бір басты жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліссіз келе жатқан екі файтер өзара кім мықтыны анықтайды, онда әзербайжандық Роял Лейлизаде (6-0) мен өзбекстандық Анвар Абдуллаев (7-0) чемпион атану құқығына таласады.

Әзербайжандық проспект бұған дейін титулға негізгі үміткерлер қатарында болған, бірақ екі рет түрлі себептермен бұрынғы белбеу иегері қазақстандық Дамир Төленовпен кездесе алмаған. Ұйымда өткен жекпе-жектерде Лейлизаде мықты қарсыластары – қазақстандық Ақтөре Батырбек (6-2) пен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоевты (6-2) сенімді түрде жеңген. Бұл жолы әзербайжандыққа қарсы өршіл өзбек файтері Анвар Абдуллаев (7-0) шығады, ол UFC-мен келісімшарт жасасуды басты мақсаты санайды. Танымал бапкер Марат Балаевтың шәкірті сегізбұрыштағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық титулды иеленуді көздеп отыр.

Қорытынды турнирдің тағы бір басты жекпе-жегін, сөзсіз, кәсіпқой ретінде жеңіліп көрмеген және қарсыластарын сенімді жеңетін Самат Мамедовтің (9-0) жартылай орта салмақтағы жекпе-жегі деп атауға болады. Қазақстандық файтер 9 жекпе-жектің 8-ін бірінші раундта аяқтады, жеңіл салмақтағы титулға үміткерлердің бірі болды және сегізбұрыштағы бұл жолғы қарсыласы тәжірибелі америкалық Уил Чоппен (42-20) күш сынасады.

Аса жеңіл салмақтағы екі файтер - қырғызстандық Сұлтан Орозмамат уулу (8-12) мен танымал қазақстандық блогер Ақтөре Батырбек (6-2) кездеседі.

Орта салмақта қазақстандық атақты файтер Мұрад Абдурахманов (8-2) сегізбұрышқа оралады. Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовтың командаласы жақында OCTAGON-мен келісімшартқа отырды және ресми түрде бір жарым жылдай жекпе-жек өткізбеді. Дегенмен UFC файтерлері Магомед Анкалаев пен Нұрсұлтан Рузибоевты әуесқой ММА-де жеңгені бар. Ол бразилиялық Алан Силвамен (12-8-1) кездеседі.

Қазақстандық актер және «OCTAGON» сериалының басты рөлін сомдаған Арнұр Қабдолдаев (3-0) кәсіби деңгейде кезекті жекпе-жегін өткізеді, оның жеңіл салмақтағы қарсыласы ирандық Паям Назари (4-2) болады. Паям қазақстандық басқа бір актер Еркебұоан Тоқтарды жеңген болатын. Қазақстандық файтер әріптестері үшін есе қайтаруға тырысады.

Файткардты мына жерден қарай аласыздар. Турнир Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында етеді. Ивент Астана уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей трансляцияны OCTAGON TV лигасының youtube-арнасынан қарай аласыздар.

OCTAGON 53 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 53 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;