русский язык
Қысқы

Биатлоннан Қазақстан кубогы: алғашқы жарыс күнінің қорытындысы

Биатлоннан Қазақстан кубогы: алғашқы жарыс күнінің қорытындысы

Бүгін Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қалаларынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер 10 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Ермоленко Петр көш бастады. Ол финишке 28:44.2 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров +23.8 секундтан кейін, 29:08.0 уақытта мәре сызығына жетті. Алматылық Төлегенов Темірлан 29:14.8 уақытта үздік үштікке енді.

Әйелдер арасынан 7,5 км қашықтықта Галина Вишневская-Шепоренко 23:15.1 уақытта бірінші болып, Дарья Климина +34,3 секунд айырмашылықпен 23:49.4 уақытта екінші болып, ал Белецкая Елизавета 24:44.8 уақытта үшінші болып аяқтады.

Жасөспірімдер арасынан Амурлаев Руслан 10 км қашықтықта 27:34.2 уақытта топ жарса, Червенко Данил +19.4 секундқа кешігіп, 27:53.6 уақытта екінші болып, Литвинов Евгений 28:01.9 көрсеткішпен үштікті аяқтады.

Жасөспірім қыздар құрамасы 7,5 км қашықтықта сынға түсіп, 24:42.4 уақытта Польдяева Мария бірінші, Долгополова Ксения 25:11.2 уақытта екінші, ал

Чупик Яна 25:32.7 уақытта үшінші орынды иеленді.

Ертең, 22 желтоқсанда жарыстың соңғы күні өтеді. Спортшылар тағы да спринт дисциплинасы бойынша өнер көрсетеді.

Жарыс нәтижесі бойынша қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;