русский язык
Басқа

WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

WADA 2024 жылы тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және жаңа редакциядағы халықаралық стандарттар, сондай – ақ білім беру жөніндегі халықаралық стандарт (бұдан әрі-ББХС) күшіне енді. Бұл туралы допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

ББХС-тің негізгі қағидасы - спортшы тестілеу арқылы емес, білім беру арқылы допингке қарсы білім алуы керек. Білім беру әділ спорт құндылықтарына сәйкес мінез-құлықты дамытуға және спортшылар мен басқа адамдардың допинг қолдануын болдырмауға көмектесуге бағытталған.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2024 жылы тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізімін жариялады.

Тыйым салынған тізім WADA кодексіне қол қойған барлық адамдар үшін міндетті халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Тізімде жарыс кезінде және одан тыс уақытта қолдануға тыйым салынған, сондай-ақ нақты спорт түрлерінде тыйым салынған заттар көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;