русский язык
Теннис

2023 жылдың ең табысты спортшы қыздары белгілі болды

2023 жылдың ең табысты спортшы қыздары белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең көп жалақы алатын спортшылары тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина 9,5 миллион доллар табысымен рейтингте 9-орында тұр.

Forbes нұсқасы бойынша ең көп жалақы алатын топ-10 спортшы:

1. Ига Швентек — 23,9 миллион доллар
2. Гу Айлин — 22,1 миллион доллар
3. Коко Гауфф — 21,7 миллион доллар
4. Эмма Радукану — 15,2 миллион доллар
5. Наоми Осака — 15 миллион доллар
6. Арина Соболенко — 14,7 миллион доллар
7. Джессика Пегула — 12,5 миллион доллар
8. Винус Уильямс — 12,2 миллион доллар
9. Елена Рыбакина — 9,5 миллион доллар
10. Лейла Фернандес — 8,8 миллион доллар

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елена Рыбакина Әбу-Дабиде(БАӘ) өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасы (WTL) көрме турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Рыбакина Falcons сапында Сорана Кырстя (Румыния), Сумит Нагал (Үндістан) және Тейлор Фритцпен (АҚШ) бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;