русский язык
Әлем футболы

«Байер» неміс футболының тарихындағы абсолютті рекорд орнатты

«Байер» неміс футболының тарихындағы абсолютті рекорд орнатты

Бундеслиганың 16-турындағы ойында «Байер» «Бохумды» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Леверкузендік клуб маусым басынан бері барлық жарыстардағы жеңіліссіз сериясын 25 матчқа дейін ұзартты. «Байерде» 22 жеңіс және 3 тең ойын бар.

Opta мәліметінше, бұл неміс клубы үшін маусым басынан бері жеңіліссіз өткен ең ұзақ серияның жаңа рекорды.

«Байер» сонымен қатар 2023 күнтізбелік жылында Германия лигасының 35 матчының 22-сінде жеңіске жетіп, клуб рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;