русский язык
Басқа

«Басты міндетті орындай алмадық»: бас бапкер гимнастардың нәтижесіне пікір білдірді

«Басты міндетті орындай алмадық»: бас бапкер гимнастардың нәтижесіне пікір білдірді

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким биылғы маусымды қорытындылай келе, команданың орындалмаған жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы лицензиялық әлем чемпионаты Бельгияның Антверпен қаласында өтті. Біз командалық сында алғашқы 12 команданың қатарына кіріп, Олимпиадаға жолдама алуды мақсат еттік.

Алайда, командалық бәсекеде небары 18-орын алдық. Алғашқы сегіздіктегі құрамалар бізден әлдеқайда мықты екен. Ал қалған командалармен бәсекелесуге болады.

Осылайша, біз алдымыздағы басты міндетті орындай алмадық. Толық құрамда Олимпиадаға қатысу үшін 2,5 ұпай жетпей қалды.

Милад Карими көпсайыста 83,232 ұпаймен алтыншы орын алып, жекелей сындағы алғашқы лицензияны қоржынға салды», - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;