русский язык
ММА

«Шавкат пен Леонның жұдырықтасуы өте тартысты болады»: ресейлік файтер Рахмонов туралы пікірін айтты

«Шавкат пен Леонның жұдырықтасуы өте тартысты болады»: ресейлік файтер Рахмонов туралы пікірін айтты

UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік файтер Ринат Фахретдинов сұхбат кезінде Шавкат Рахмоновтың мүмкіндігін өте жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ринат Фахретдинов – UFC промоушенінің жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде 15-орында тұрған жекпе-жек шебері. Ресейлік файтердің ММА спортындағы рекорды 21-1-1.

Айта кетейік, Ринат пен Шавкаттың менеджері бір.

«Шавкаттың титулдық кездесуіне аздаған қадам ғана қалды. Эдвардстың келесі қарсыласы Белал Мухаммад болуы мүмкін. Одан кейін Рахмоновпен жұдырықтасады. Оның Леонмен кездесуі өте тартысты болғалы тұр», – деді Ринат Фахретдинов.

Еске салайық, Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі рекорды 18-0.

17 желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Шавкат екінші раундта Стивен Томпсонды жеңді. Осыдан кейін қазақстандық UFC файтері жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;