русский язык
Әлем футболы

«Манчестер Сити» — «Урава Ред Даймондс» матчының тікелей трансляциясы

«Манчестер Сити» — «Урава Ред Даймондс» матчының тікелей трансляциясы

19 желтоқсанда клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жапониялық «Урава Ред Даймондс» англиялық «Манчестер Ситимен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Урава Ред Даймондс» - Жапониядағы ең титулды клубтардың бірі. Команда бес рет ел біріншілігін, сегіз рет Император кубогын жеңіп алса, үш рет Азия чемпиондар лигасында жеңіске жеткен. 2007 жылы жапониялық команда клубтар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алды.

Осы турнирдің ширек финалында «Урава Ред Даймондс» мексикалық «Леонды» (1:0) жеңді. «Манчестер Сити» үшін ертеңгі матч клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы дебюті болады.

Матч Джиддадағы (Сауд Арабиясы) King Abdullah Sports City стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады. Матчты «qazsporttv.kz» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;