русский язык
Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында үшінші орынға ие болды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында үшінші орынға ие болды

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Санкт-Петербургте өткен Бірінші арна кубогының финалдық кездесуінде «Россия 25» командасынан жеңіліп, үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық турнирдің соңғы кездесуі алаң иелерінің пайдасына орай 5:2 есебімен аяқталды. Ресейлік команда ойыншыларының ішінде Илья Сафонов, Василий Глотов, Максим Соркин және Валентин Зыков көзге түсті. Қонақ болған команда сапында болса Никита Михайлис пен Әділ Бекетаев шайбы кіргізген.

Қорытынды кесте бойынша Қазақстан құрамасы жеке кездесу кезінде жеңіске жеткендіктен «Жұлдыздар мен ЖХЛ» командасынан озып, екі ұпаймен үшінші орын алған. Ал «Россия 25» ең жоғары ұпай — алты балл жинап, турнир жеңімпазы болды.

Екінші орынға үш ұпаймен былтыр чемпион болған белорустар ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;