русский язык
Хоккей

Қазақстан чемпионаты 15-ойын аптасының үздік хоккейшісі анықталды

Қазақстан чемпионаты 15-ойын аптасының үздік хоккейшісі анықталды

Вадим Кравченко Pro Hokei Ligasy турнирі 15-аптасының үздік ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

«Хумо» Шығыс Қазақстанға сапарын сәтті өткізіп, «Торпедо» мен «Ертісті» екі реттен ұтты. Вадим Кравченко осы кезеңде 9 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, ташкенттік команданың шабуылшысы төрт кездесуде де мергендік танытты. Сондай-ақ Кравченко осы маусымда лигада 50 ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды. Қазір Вадимнің еншісінде 51 (31+20) ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;