русский язык
Әлем футболы

Конференция лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Конференция лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Дүйсенбіде, 18 желтоқсанда, Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Конференция лигасы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ереже бойынша, бұл кезеңде Конференция лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған командалар мен Еуропа лигасында үшінші орын алған ұжымдар кездеседі. Ал топта бірінші орын алғандар бірден 1/8 финалға өтеді.

Сонымен, жеребе қорытындысы мынадай болды:

«Олимпиакос» (Греция) - «Ференцварош» (Венгрия)
«Аякс» (Нидерланды) - «Буде-Глимт» (Норвегия)
«Бетис» (Испания)- «Динамо Загреб» (Хорватия)
«Штурм» (Австрия) - «Слован» (Словакия)
«Юнион» (Бельгия) - «Айнтрахт» (Германия)
«Маккаби Хайфа» (Израиль)- «Гент» (Бельгия)
«Серветт» (Швейцария) - «Лудогорец» (Болгария)
«Мольде» (Норвегия) - «Легия» (Польша).

Айта кетейік, алғашқы матчтар 2024 жылғы 15 ақпанда, қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;