русский язык
ММА

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы командалық матч ресми түрде жарияланды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы командалық матч ресми түрде жарияланды

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы Nations Match сериясындағы турнирдің өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

2024 жылдың алғашқы ивенті - OCTAGON 54 турнирі аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында «командаға команда» форматында жарыс өтеді. 19 қаңтарда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық «Рыцарь» Георгий Кичигин (29-10) мен өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (11-3) арасында кездесу өтеді.

Сондай-ақ кеште жартылай ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-2) өзбекстандық Мироншох Джафаровпен (5-1) кездеседі.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында «командаға команда» форматында өтетін тағы үш жекпе-жекті төменде көруге болады:

Ибрагим Шайманов (5-5, Өзбекстан) – Әділбек Қайырғали (6-3, Қазақстан)
Сухроббек Атажанов (5-1, Өзбекстан) – Рысбек Байдуллаев (2-2, Қазақстан)
Парвиз Насруллаев (3-0, Өзбекстан) – Тимур Қуаныш (3-0, Қазақстан)

Естеріңізге сала кетейік, 23 желтоқсанда Алматыда Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 53 финалдық турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Сүндет Айтқұл (6-1) аса жеңіл салмақта бразилиялық Клаудеси Бритоға (9-2) қарсы ұйымның бос чемпиондық титулын сарапқа салады.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде әзірбайжандық Роял Лейлизаде (6-0) өзбекстандық Анвар Абдуллаевқа (7-0) қарсы жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

OCTAGON 53 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 53 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;