русский язык
Әлем футболы

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал ойындары басталады

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал ойындары басталады

Футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финал ойындары басталады деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жартылай финалдың алғашқы жұбында 18 желтоқсанда «Аль-Ахли» (Египет) командасы «Флуминенсе» (Бразилия) клубымен кездеседі.

«Аль-Ахли» ширек финалда Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал ширек финалда Жапонияның «Урава Ред Даймондс» ұжымы Мексиканың «Леонын» 1:0 есебімен сүріндірді.

Жапониялық команда енді жартылай финалда 19 желтоқсанда «Манчестер Сити» (Англия) клубымен шеберлік байқасады.

22 желтоқсанда финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.

Бұл - аталған форматта өтіп жатқан соңғы турнир.

2025 жылдан бастап клубтар арасындағы әлем чемпионатында 32 команда қатысады деп жоспарланып отыр.

Аталған дода 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін 11 команда жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;