русский язык

Испаниялық клуб қазақстандық футболшыны сатып алады

Испаниялық клуб қазақстандық футболшыны сатып алады

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер командасының қорғаушысы Мұхамед Еңсебаев Испанияның «Вальядолид» командасы ауысады.

Испания командасы ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясының құжаттарында белгіленген ең төменгі соманы «Елімай» клубына төлеуге шешім қабылдады.

Былтыр Мұхамед Еңсебаев «Елімай» сапында 18 матчта алаңға шығып, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

«Вальядолид» командасы аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдоның иелігінде. Қазіргі таңда команда Ла лигаға оралу үшін барын салып ойнап, 32 ұпаймен үшінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;