русский язык
Теннис

Астанада өтіп жүрген ATP 250 турнирі Алматыға ауысты

Астанада өтіп жүрген ATP 250 турнирі Алматыға ауысты
ATP баспасөз қызметі 2024 күнтізбесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Бұған дейін Астанада өтіп жүрген ATP 250 санатындағы турнир 2024 жылы Алматыда өтеді. Жарыс 14-20 қазан күндері Almaty Arena кешенінде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ATP 250 турнирінің Астанадан Алматыға ауысқаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев та айтты.

"Алматы – Қазақстан теннисінің астанасы. Иә, Қазақстанда дәл қазіргі теннис Астанада дамып жатыр, алайда бұл республикада сонау 1930 жылдары Алматыда пайда болды. Қазір Алматыда теннис клубтары, осы ойынға қызығатындар, жанкүйерлер көп. Сол себепті осындай деңгейдегі турнирді Алматы өткізудің қисыны бар. Алматыда Астанадағыдай мамандандырылған теннис орталығы жоқ екені рас, бірақ біз Almaty Arena-ны теннис турнирін өткізетіндей етіп, қайта жабдықтауға дайынбыз"Диас Досқараев

Сондай-ақ, ATP баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта 2022 жылы өткен, бірақ 2023 жылы өтпей қалған Хихондағы (Испания) турнир күнтізбеге қайта қосылғанын көруге болады. Ол 2024 жылы 3-9 қарашада Мецтегі турнирмен бір уақытта өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;