русский язык

ҚПЛ клубының қақпашысы карьерасын Ресейде жалғастырады

ҚПЛ клубының қақпашысы карьерасын Ресейде жалғастырады

28 жастағы ресейлік қақпашы Никита Чагров волгоградтық «Ротор» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Футболшы көкшетаулық «Оқжетпес» сапында 22 матч өткізіп, 31 гол жіберіп, 6 кездесуде қақпасын құрғақ алып қалған болатын.

Айта кетейік, ресейлік ойыншы қазақстандық клубқа исландиялық «Коурдренгирден» ауысқан.

Беделді Transfermarkt порталы Чагровты 150 мың еуроға бағалап отыр.

Қақпашы карьерасында мәскеулік «Торпедо», «Ростовтың» екінші командасы, «Чайка», «Авангард» және «Тамбов» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;