русский язык
Киберспорт

NAVI ұжымы G2 командасын жеңіп, BLAST Premier World Final 2023 турнирінің жартылай финалына шықты

NAVI ұжымы G2 командасын жеңіп, BLAST Premier World Final 2023 турнирінің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Natus Vincere CS2-ден BLAST Premier: World Final 2023 турнирінің ширек финалында G2 Esports командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда 2:1 есебімен жеңіске жетті (Anubis-те 13:16, Inferno-да 13:11 және Nuke-де 13:6).

Бұл шешуші жеңіс капитан Алекси Aleksib Виролайнен бастаған NaVi командасын жартылай финалға шығарды, онда олар Team Vitality командасымен кездеседі.

Расмус HooXi Нильсеннің ұжымы турнирдегі өнерін аяқтады. G2 Esports командасы 5-6-орындарды иеленіп, 25 000 доллар сыйақы алды.

BLAST Premier: World Final 2023 чемпионаты 13-17 желтоқсан аралығында Абу-Дабидегі Etihad Arena-да өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;