русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы 2023/2024 маусымының соңында командадан кетеді

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы 2023/2024 маусымының соңында командадан кетеді

«Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2023/2024 маусымының соңында командадан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, ойыншының келісімшарты аяқталуға жақын, ал мадридтік клуб басшылығы хорватиялық футболшыға жаңа келісімшарт ұсынбауға шешім қабылдады.

Модрич мадридтік командада 2012 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда жартылай қорғаушы «Реал Мадрид» сапында барлық турнирде 18 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшыны 10 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;