ММА

Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жек алдында көз түйістірді

Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жек алдында көз түйістірді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста UFC 296 турниріне қатысатын спортшылар салмақ өлшеп, көз түйістірді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің негізгі кардында жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон кездеседі.

Бұған дейін қос қарсылас салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, екеуі де салмақ шегінен сәтті өтті.

UFC 296 турнирі Астана уақытымен таңғы 6:00-де басталады, негізгі кард 9:00-де басталады, Рахмонов пен Томпсон октагонға шамамен 9:30-да шығады.

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде англиялық Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер