Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Аль‑Ахли» «Аль‑Иттихадтты» жеңді
![Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Аль‑Ахли» «Аль‑Иттихадтты» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_9b73310f517b2dbcb42236e94686a5f7.jpg?v=28697006)
Сауд Арабиясында өтіп жатқан футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында мысырлық «Аль-Ахли» Сауд Арабиясының «Аль-Иттихадын» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде 3:1 есебімен «Аль-Ахли» жеңіске жетті.
Гол соққандар: жеңімпаздар сапында Али Маалул, Эмам Ашур, Хусейн Эль-Шахат. Және 45-минутта Карим Бензема пенальтиден мүлт кетті.
Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында «Аль-Ахли» бразилиялық «Флуминенсемен» кездеседі.