Шавкат Рахмонов UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
![Шавкат Рахмонов UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_54e7b3b724da8a3fe7e54fda794159f9.jpg?v=28697012)
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рахмонов таразыда 77,56 келі салмақты көрсетті.
Еске сала кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде өтеді.
Басты шайқаста жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы британдық Леон Эдвардс (21-3) америкалық Колби Ковингтонмен (17-3) кездеседі.