русский язык
Бокс

Қазақстан «IBA чемпиондарының түні» турнирінде екінші жеңілісіне ұшырады

Қазақстан «IBA чемпиондарының түні» турнирінде екінші жеңілісіне ұшырады

Бүгін Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні» атты бокс кеші өтіп жатыр, онда Қазақстан чемпиондары әлем құрамасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалисті Ерасыл Жақпеков голландиялық Градус Краусқа қарсы рингке шықты.

80 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақ боксшысының жеңілісімее аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты кездесуінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) Оңтүстік Африка Республикасынан келген Джабулани Махенсемен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;