русский язык
Бокс

Қазақстандық әлем чемпионының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды(видео)

Қазақстандық әлем чемпионының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды(видео)

Бүгін Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні» атты бокс кеші өтіп жатыр, онда Қазақстан чемпиондары шартты әлем құрамасымен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рингке үшінші болып 2023 және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов шықты. Оның қарсыласы мексикалық Хосе Мигель Боррего (20-4, 17 КО) болды.

71 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңіске жетті. Төртінші раундта ол Шымбергеновті ауыр нокдаунға жіберді. Осыдан кейін Боррего қазақстандыққа қайта ұмтылып, бірнеше соққы бағыттады, ал төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;