русский язык
Бокс

Данияр Елеусінов екі жыл үзілістен соң рингке оралады

Астанада Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған «Чемпиондар түні» бокс кеші өтеді.

«Qazsport» телеарнасындағы тікелей трансляция астана уақытымен 19:00–де басталады.

Осы шоу аясында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) рингке оралады.

Ол ОАР өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, 7КО) жұдырықтасады.

Сондай-ақ бокс кешіне Қазақстан боксшылары Бекзат Нұрдәулетов, Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Ерасыл Жақпеков те қатысады.

Данияр Елеусінов 2021 жылдың желтоқсанынан бері рингке шыққан жоқ.

Сол жылы ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аргентиналық боксшы Хуан

Эрнан Леальден (15-3, 4 КО) басым түсіп, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;