русский язык
Теннис

Қазақстандық Григорий Ломакин Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Дүниежүзілік рейтингіде 794-орында тұрған Г.Ломакин екінші айналымда әлемнің 531-інші, жарыстың 6-ракеткасы, украиналық Юрий Джавакянмен шеберлік байқасты.

Ойын аса тартысты өтіп, қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 3:6, 7:6 (8:6) есебімен жеңісті жұлып алды.

Григорий Ломакин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 793-ракеткасы, оңтүстікафрикалық Алек Беклимен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;