русский язык
Бокс

Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионын жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады

Батыр Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионын жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады

Бейсенбі, 14 желтоқсан күні таңертең қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев француз Мохамед Мимунмен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүкембаев пен Мимун Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде кездесті.

Бірінші жартылай орта салмақтағв жекпе-жек толық он раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Жүкембаев жеңіске жетті.

«Менің еліме және менің отбасыма лайықты жеңіс сыйлағаны үшін Аллаға мың алғыс. Алға Қазақстан», – деп жазды Батыр Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;