Батыр Жүкембаев мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді
![Батыр Жүкембаев мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_abd44434d82da1447e45bd38a3c3fcb0.jpg?v=28697246)
Бейсенбі, 14 желтоқсан күні таңертең қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев француз Мохамед Мимунмен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жүкембаев пен Мимун Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде кездесті.
Бірінші жартылай орта салмақтағв жекпе-жек толық он раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Жүкембаев жеңіске жетті.
Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын сәтті қорғады.