Әлем футболы

Нұралы Әліптің командаласы «Зениттен» кетуді армандайды

Нұралы Әліптің командаласы «Зениттен» кетуді армандайды
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» жартылай қорғаушысы Вендел клубтан оны қысқы трансфер кезеңінде бразилиялық «Фламенгоға» жіберуді сұраған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

Radio Manchete журналисі Андре Луистің ақпараты бойынша, ойыншы агентіне: «Мен «Фламенгода» ойнағым келеді» деген сөздермен жүгінген. Орыстарды көндіріңізші. Мен трансферді дәл қазір қалаймын».

Бұған дейін «Балтиканың» бұрынғы бас директоры мен Сатурн халықаралық департаментінің бұрынғы басшысы Тимур Лепсая «СЭ» басылымына берген сұхбатында Венделдің «Зениттен» кетуді армандайтынын айтқан болатын.

Бразилиялық футболшы санкт-петербургтік командада 2020 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы маусымда 26 жастағы ойыншы РПЛ-да 16 матч өткізіп, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Оның Санкт-Петербург клубымен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген.

18 турдан кейін «Зенит» 36 ұпаймен Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында келеді.

Естеріңізге сала кетейік, клуб сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.

Фото: РИА Новости / Александр Гальперин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер