Ауыр атлетика

CAS қазақстандық ауыр атлет Рахимовты 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды

CAS қазақстандық ауыр атлет Рахимовты 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды
news-banner7
mobile-news-top
Спорттық арбитраж сотының (CAS) апелляциялық комиссиясы қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допинг қолданғаны үшін дисквалификацияланғанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) хабарлады. Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов 2022 жылдың көктемінде зәр анализін ауыстырғаны үшін сегіз жылға жарыстардан шеттетілген еді. ITA ақпарат пен айғақтарды мұқият тексергеннен кейін Рио-2016 Олимпиадасына дайындық кезінде зәр төрт рет алмастырылғанын анықталды.

CAS мәліметінше, Рахимовтың 2016 жылдың 15 наурызынан бері көрсеткен барлық нәтижелері, соның ішінде Рио-2016 Олимпиадасындағы жеңісі де жойылды. Осылайша, дисквалификация күшінде қалды.

Әзірбайжанның тумасы Нижат Рахимов қазір 30 жаста. Ол 2016 жылғы Олимпиадада 77 келі салмақта Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Ауыр атлет 2015 жылы әлем чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер