Чемпиондар лигасынан Еуропа лигасына түсіп қалған 8 команданың 6-ы белгілі болды
![Чемпиондар лигасынан Еуропа лигасына түсіп қалған 8 команданың 6-ы белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201736_16fca0c2c18468339c44cdb82ea29c31.jpg?v=28697374)
Сейсенбі, 12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-шы турының матчтары өтіп, оның қорытындысы бойынша өз квартетінде үшінші орын алған клубтар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар көктемде Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынауды жалғастырады.
Галатасарай (А тобы), Ленс (В), Брага, Бенфика (D), Фейеноорд (Е, ерте), Янг Бойз (G, ерте) Еуропа лигасының 1/16 кезеңіне жолдама алды.
Чемпиондар лигасынан шыққан командаларға Еуропа лигасында 2 орын қалды. Бүгін (13 желтоқсан) соңғы қатысушылар H (Порту немесе Шахтер) және F (ПСЖ, Ньюкасл, Милан) тобындағы үшінші орын иегерлері болады.