русский язык

«Біз жеңімпаздар қатарында болуға тырысамыз». Милич Курчич – «Тобылдың» алдағы маусымдағы міндеттері туралы

«Біз жеңімпаздар қатарында болуға тырысамыз». Милич Курчич – «Тобылдың» алдағы маусымдағы міндеттері туралы

«Тобылмен» келісімшартын ұзартқан серб маманы Милич Курчич Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында өзінің бұрынғы қателіктері мен алдағы маусымдағы мақсаттары туралы айтып берді.

- Милич, сізді «Тобылда» қалуыңызбен құттықтаймыз ба?

– Менің «Тобылдың» басшыларымен әңгімем жақсы өрбіді, жан-жақты қолдау тауып, риза болдым. Бұл мен үшін өте маңызды. Бірлесе жұмыс істеуді жалғастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Жеңіп алған Қазақстан кубогы – біздің ортақ жетістігіміз, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана жаңа жеңістерге жете аламыз.

- Бастапқыда қостанайлық клубпен келісімді ұзартуды жоспарладыңыз ба, әлде бапкерлік мансабыңызды жалғастырудың басқа нұсқаларын қарастырдыңыз ба?

– Иә, менде басқа да ұсыныстар болды, бірақ «Тобылда» жұмыс істеуді жалғастыру – менің басты арманым еді. Біз жаңа команда құрып жатырмыз және келесі жылы біз өткен жылғыдан жақсырақ өнер көрсетуіміз керек, дегенмен біз Еуропада жақсы көрініп, ел ішінде кубок жеңіп алдық. Біз қостанайлық жанкүйерлерді қуантуға бұдан да көп себеп беруге тырысамыз.

– «Ордабасымен» Қазақстан кубогының жеңімпаз финалынан кейін командамен қоштасқаныңыз туралы әңгіме болды. Бұл шындыққа жанаса ма?

– Қоштасу болған жоқ, басшылықпен қалыпты оңды әңгіме өрбіді. Біріншіден, маған қиын маусымнан кейін отбасыммен жақсы демалу керек болды, содан кейін біз жаңа келісімшарттың егжей-тегжейлерін талқылай бастадық.

- Барлық бапкерлер де келісімдерін қайта бекітті ме, әлде штатта өзгерістер бола ма?

- 2023 жылы жұмыс істейтін құрамыма өте ризамын, сондықтан иә - өткен маусымда «Тобылда» болған бапкерлердің барлығы келесі жылы қалады. Мүмкін біз тағы бір маманды қосармыз, бұл маңызды мәселе талқылау сатысында.

- Қалай болғанда да, сіз «Тобылдың» тізгінінде қалдыңыз, сізді Еуропа лигасына қатысатын қиын да қызықты маусым күтіп тұр. Осындай жағдайда өткен жылғыдай халықаралық аренада сәтті өнер көрсету үшін Қазақстан чемпионатын тағы да құрбан ету керек пе?

– Әрине, әр спортшының, команданың алдына қойған мақсаты мен міндеті болады. Өз тарапымнан, біріншіден, «Тобыл» жақсы футбол көрсетіп, әрқашан жеңіске жету үшін ойнайды деп уәде беремін, мен мұны барлығынан талап етемін.

Иә, барлық турнирлерде бірдей жақсы өнер көрсету өте қиын болады, бірақ алға қадам жасау үшін бұл кезеңнен өтуіміз керек. Біз ең күрделі мәселелерді шеше алатынымызға сенімдімін.

ҚПЛ-ға келсек, еурокубоктарға лайықты қатысу үшін «Тобыл» Қазақстан чемпионатын құрбандыққа шалмайды. Қайталап айтамын: біз әдемі футбол көрсетіп, әр матчта жеңіске жетуге тырысамыз, үздік үштікте аяқтауға ниеттіміз.

– Өткен маусымның қорытындысы бойынша жұмысыңызда қандай басты қателік жібердіңіз?

– Білесіз бе, әрқашан жақсылыққа ұмтылу керек. Өмірде әр адам қателеседі, соның ішінде мен де – бұл қалыпты жағдай. Ең бастысы, оларды қайталамау үшін сабақ ала білу керек.

«Тобылдың» өткен маусымдағы басты мәселесі қысқа орындық болды, ойыншыларды ротациялау әрдайым мүмкін болмады. Кейбір матчтарға мен команданы басқаша дайындауым керек еді – бұл менің басты қателігім болды деп ойлаймын.

Дегенмен, біз өз ойынымыздан шегінбей, үнемі агрессивті әрекет етіп, қысым көрсетіп, бақытымызды шабуылдан іздедік. Бұл менің ұстанымым, тілегім – мен жаттықтыратын команда осылай болуы керек.

– Әңгімеңізге көп рахмет, барлық тілектеріңіз қабыл болсын!

- Сізгеде рахмет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жанкүйерлерге бізге көрсеткен ақылсыз қолдаулары үшін алғыс айтамын. Келесі маусым бұдан да күшті болады деп ойлаймын, біз өз тарапымыздан оларға өз ойынымызбен алғыс айтуға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;