Анна Данилина Франциядағы жарыстың финалында ұтылып қалды
![Анна Данилина Франциядағы жарыстың финалында ұтылып қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/201131_f88cc3994ee95b373f8be29e3b57a4dd.png?v=28697257)
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, испаниялық Кристина Буча - румыниялық Моника Никулескумен бас жүлдені сарапқа салды.
Матч испаниялық-румыниялық дуэттің басымдылығымен өтті.
Есеп 6:1, 6:3.