русский язык

Қазақстандық маман Беларусь құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды

Қазақстандық маман Беларусь құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды

Қазақстандық маман Фархат Жәнібеков Instagram парақшасында футболдан Беларусь құрамасының бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Биыл тамызда мен Карлос Алостың жетекшілігімен Беларусь ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабының құрамына кіруге шақыру алдым. Карлос Алос Ферреру мен Хасинту Магриньеге, сондай-ақ Беларусь құрамасына осы шақыру үшін, маған көрсеткен сенімдері үшін және бапкерлік мансабымда жаңа деңгейге көтерілу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді.
Осындай жаттықтырушылар штабына кіргенімді мақтан тұтамын және наурыз айында өтетін оқу-жаттығу жиынын асыға күтемін. Бірлескен жұмысымыз ұйымшыл әрі нәтижелі болатынына сенімдімін», – деп жазды жаттықтырушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;