русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы меценат сыйлаған көлікті менеджері Берік Сұлтанға табыс етті

Жәнібек Әлімханұлы меценат сыйлаған көлікті менеджері Берік Сұлтанға табыс етті

Өткен түні Алматыда өткен бокс кешінде кәсіпкер, меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына көлік сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Чемпионға Zeekr 001 автокөлігінің кілтін кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, TAS Group компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекей тапсырды.

Алайда, боксшы бұл көлікті менеджері Берік Сұлтанға табыс етті.

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіге жазды.

«Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңызды мұхиттың арғы жағынан сезінеміз. Көп рахмет сіздерге. Дулат аға, сыйлығыңызға көп рахмет. Осы сәтті пайдалана отырып өзімнің інілігімді, қазақылығымды, бауырлығымды жасағым кеп отыр. Біз Qazaq styleды әлем тарихында қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап, жазып жүрген - Берік Сұлтан. Ол менің ағам, менеджерім. Бұл кісі болмаса біздің Qazaq style тарихы әлсіз жазылушы еді. Сондықтан осы кісіге рахмет. Темір тұлпар өзіңіздікі. Жанқош бауырым жеңіске жетсін, сәттілік»,- деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сыйлықты қабылдаған Берік Сұлтан өз кезегінде: «Барлықтарыңыз қазақ спортының жанкүйерлері екендеріңізді білеміз. Екі үлкен белбеуді жеңіп алдық. Алдымызда Чарло (Джермалл) бар, Канело (Альварес) бар. Соларды құлатуды нәсіп етсін», – деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте Жанқош Тұраров жапондық қарсыласы Акихиро Кондоны айқын басымдықпен ұтып, чемпиондық белдігін тартып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;