Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегі өтетін Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы
![Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегі өтетін Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/203991_c14fb62e2858da1673456c8acf96adc1.jpg?v=28694972)
Жексенбі, 10 желтоқсанда Алматыда қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) мен жапондық Акихиро Кондо (37-11-2, 21 КО) бастаған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шара Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жанқош Тұраровтың еншісінде жиырма жеті жеңісі бар, бірде-бір жеңілісі жоқ.
Акихиро Кондо WBO нұсқасы бойынша Азиядағы ең үздік боксшы. Жасы 38-де.
DAZN платформасы мен SPORT+ телеарнасында тікелей эфир Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Боксшылар Тұраровтың IBO белбеуі мен WBA Gold титулын сарапқа салады.