«Ордабасы» «Каспийден» жеңісті жұлып әкетті
![«Ордабасы» «Каспийден» жеңісті жұлып әкетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_589b5f1067ebda346e02e1fb37b960f6.jpg?t=1702124227?v=28696163)
Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында «Ордабасы» мен «Каспий» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, осы клубтар арасындағы соңғы ойында да «Ордабасы» (3:1) жеңіске жеткен болатын.
Голдар: Қасым (0:1), Қайыржанов (1:1), Амангелдиев (1:2), Мұрат (1:3), Исмаилов (2:3), Даниэль (3:3), Бекбосынов (4:3).