русский язык
Бокс

Әлем чемпионы бола ма? Жанқош Тұраров титулды жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

Әлем чемпионы бола ма? Жанқош Тұраров титулды жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) пен жапониялық Акихиро Кондо (37-11-2, 21 КО) титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар салмақ шегінен аспады, артынша дәстүрлі түрде көз арбасу рәсімінен өтті.

Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте 27 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 20-сында қарсыласын нокаутпен тізе бүктірген. Бұл жолы әлемге танымал, көп дүркін Жапония және Азия чемпионы Акихиро Кондомен (37-11-2, 21 КО) жұдырықтасады.

Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Тұраров пен Кондо арасындағы жекпе-жек 10 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;