«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчында 8 гол соғылды
![«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчында 8 гол соғылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202312/472_b2d66b660f323cf2943754b1cbd663b0.jpg?v=28696404)
Алматылық «Қайрат» АФК пен «Ақтөбе» МФК футзалдан Қазақстан чемпионатының 13-турындағы матчта 8 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч бойы ақтөбеліктер алда болған, бірақ ойынның соңына 10 минут қалғанда «Қайрат» өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алды. Матчтың өзі алматылық клубтың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды.
Қазақстан чемпионаты. 13-тур
«Қайрат» - «Ақтөбе» 5:3
Голдар: Виана, Эдсон, Диего, Денер, Виана («Қайрат») – Мигуель, Хади Ахмади, Мигуель («Ақтөбе»)